Пресс-релиз 12.02.18

    Алматы қаласында бизнес-құрылымдарға арналған «Өзіңнің АИТВ дәрежеңді біл» атты акция басталды.
    АИТВ-инфекциясының бизнеске әсерінің жоқтығы туралы білім насихаттау мақсатында, Алматы қалалық «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» медицина қызметкерлері қаланың еңбек ұжымдарына шығыс сапарларын жасауда.
   «Өзіңнің АИТВ дәрежеңді біл» акциясы аясында Алматы қалалық ЖИТС орталығының дәрігерлері компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының бизнеске әсерінің жоқтығына назар аударта отырып, оның жұғу жолдары мен қорғану шаралары жайында ақпарат беріп жүр. 
    Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша - АИТВ-мен өмір сүретін адамдар еңбек ұжымдарының өзге мүшелері секілді стигмалауға және кемсітушілікке ұшырамауы тиіс. 
Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп және мамандардан кеңес ала алады. Медицина қызметкерлері аталған шараларды ақысыз 15 минут ішінде құпия түрде жасайды және тексерілушінің қалауы бойынша анонимді түрде нәтижесін хабарлайды. 
    Акцияға АО «LG Electronics Kazakhstan» және АО "Алатау Жарык Компаниясының басшылары мен қызметкерлері" белсенді түрде ат салысты. Адам саны 130дан асты. Жақын күндерде АО «Рахат» кондитерлік фабрикасы және КАМАЗ-орталығы секілді өзге де бизнес-құрылымдары акцияға қосылуға ниет білдірді. 
- Бизнес-құрылымдарына акция – өте өзекті шара. Наурыз айында елімізде сауалнама жүргізу арқылы бизнес-құрылымдардың өкілдеріне АИТВ-ның бизнеске тигізетін ықпалы жөнінде жыл сайынғы Дүниежүзілік Экономикалық Форумның (ДЭФ) сауалнамасы өтеді. Қатысушылар қатарында кішігірім, орта, көлемді бизнес өкілдері болады. ДЭФ сауалнаманың қорытындысы бойынша халықтың Қазақстандағы АИТВ жөніндегі сауаттылығын және таралуы жолын білу деңгейі бағаланатын болады. Бизнес-басшылармен АИТВ-жұқпасының бизнеске қауіпті ықпалының жоқтығын объективті бағалау елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруге және инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді,-деп             Алматы қалалық «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» бас дәрігері Марат Төкеев айтып өтті.
Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасы туралы, таралуы іс-әрекеттерден тәуелді болып табылатын, созылмалы инфекциялық аурулары секілді айту керек. Сондықтан, АИТВ-жұқпасының таралу жолдарын білу деңгейін көтеру, шынайы ақпаратты игеру, АИТВ-жұқпасының бизнеске әсерінің жоқ екенін түсіну және соның салдарынан барлық деңгейдегі бизнес-құрылымдардың басшылары арасындағы АӨА-ға қатысты стигманың төмендеуі өте өзекті болып табылатынына медицина қызметкерлері сенімді.
Алматы қалалық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі.
Байланыс номері: 8-777-225 4601, Марина Максимова.