вич

Мұнда қызығушылықты көрсете аласыз Сіз басты дәрігер сұрақтарына жауап бересіз

Тукеев Марат
Сансызбекович


ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
ДС-ЖМ
09:00-17:00
ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13.00-14.00
ҚАН АЛУ
ДБ-ББ сағ. 8.30-16.30
ЖМ сағ. 8.30-14.00
ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13:00-13:30

АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

                     2024 жылдың 1 қаңтарына

инъекциялық және есірткі тұтыну кезінде

қорғалмаған гомосексуальды байланыстармен

қорғалмаған және гетеросексуалды байланыстарда

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК

Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы 1990 жылы 4 маусымда құрылды. Орталық АИТВ-жұқпасы қала аумағында таралуының алдын алу үшін профилактикалық, індетке қарсы іс-шаралармен айналысады және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білікті медициналық көмек көрсетеді. ЖИТС орталығы Республикадағы ең үздік орталық болып саналады, мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары біліктілік санаты бар медициналық қызметкерлер.

Орталықта АЖБМББИ жұқпалы аурулар кафедрасы және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ "АИТВ-жұқпасы және инфекциялық бақылау" модулі жинақталған. Профессор-оқытушылар құрамы консультативтік – диагностикалық процестерде белсенді қатысады.

Орталықтың мамандары 100-ден астам ғылыми мақалалар, 11 әдістемелік нұсқаулар жариялаған. Орталық мамандары ата-аналар мен білім беру жүйесінің мамандарына арналған 6 әдістемелік құралдың қосымша авторлары және медициналық қызметкерлер үшін 4 құралдың авторлары болып табылады. Орталық Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп белсенді жұмыс істеуде.

Орталықта АИТВ мәселесі бойынша педагогтар мен медицина қызметкерлерін дайындайтын тұрақты жұмыс істейтін курстар бар, мұнда сабақ мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін мамандандырылған қызметтердің үлкен жинағы көрсетіледі, ол көмектер - гинеколог, дерматовенеролог, стоматолог, психолог, инфекционист, педиатр, диагностикалық зерттеулер.

Орталығы диагностика мен емдеуді бақылау үшін бөлімшелерді заманауи жабдықтармен жыл сайын қайта жарақтандырады және сатып алады.Орталық мамандарының күш-жігерінің арқасында АИТВ-инфекциясының таралуы бір сатыда ұсталынып тұр.Жыл сайын Алматыда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне және ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған түрлі акциялар, театрландырылған көріністер, пресс-конференциялар, сұрақ-жауап кештер түрінде және т. б. кампаниялар ұйымдастырылады. Емдеу мекемелерінің базасында 19 "Сенім"пунктілері, 6 достық клиникалары мен 30 психоәлеуметтік кеңес беру кабинеттері ашылды.

Орталық құрамындағы бөлімдер:

  1. Мамандандырылған медициналық зертханаға кіретін бөлімшелер: клинико - биохимиялық, иммунологиялық, иммунноферменттік, ПТР талдау;
  2. Емдік алдын алу жұмысы бөлімі;
  3. Алдын алужұмысыбөлімі;
  4. Ұйымдастыру-әдістемелікбөлімі;
  5. Эпидемиологиялықбөлімі;
  6. АИТВ–жұқпасын компьютерлікбақылаужәне информатикабөлімі.

Біздің серіктестеріміз

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министірлігі

Алматы қаласы
Әкімшілігі

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Қазақ дерматология және инфекциялық
аурулар ғылыми орталығы

Almaty Medical Center

С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту ориалығы

Посмотреть на карте Алматы

АИТВ – адамның иммунитет тапшылығының вирусы

АИТВ – бұл өте ұсақ вирус, оны қарапайым микроскоп көмегімен көру мүмкін емес.

Вирустың енуі (АИТВ) адам ағзасына әлсіреуді және адам ағзасын жұқпалы аурулар қорғалуын қамтамасыз ететіниммундық жүйенің бұзылуын тудырады.

АИТВ қалай беріледі?

  1. Қан арқылы
    • Қан құю және оның компоненттері
    • Инъекциялық есірткі тұтыну барысындашприцтер мен инелердібірлесіп пайдалану
    • Стерильденбегенмедициналық және медициналық емес құралдарменманипуляцияларжүргізу
  2. АИТВ-позитивті адамменқорғанусыз жыныстық қатынас кезіндежыныстық жолменберіледі
  3. Анадан балаға жүктілік босану және емшекпен емізукезінде.

АИТВ қалай берілмейді

  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейн, монша, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шағып алғанда
  • достық сүйісулер арқылы
  • ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
  • үй жануарларымен қарым-қатынаста
  • азық-түлік арқылы

АИТВ қалай анықтауға болады?

Адамның сыртқы түріне қарап жұқтырған, жұқтырмағанын анықтауғаболмайды. Білудің жалғыз жолы – бұл АИТВ-ға антиденелердің болуынақанды тексеру. Антиденелер-бұл арнайы нәруыздар, олар вирус енугенде организмде пайда болады.

Тесттіңоң нәтижесі адамда АИТВ антиденелерітабылдыдегенді білдіреді. Бұл адам жұқтырғандеп болжауғанегіз береді.

Тесттіңтеріс нәтижесі АИТВ антиденелеріне табылмағанынбілдіреді, бұл адам жұқтырмаған немесе "диагностикалық терезе"кезеңінде тұрғанын білдіреді.Терезе кезеңі - бұл жұқтырудан оларды табу үшін жеткілікті антиденелердіңпайда болуына дейінгі уақыт. Оның ұзақтығы бір айдан үш айға дейін.

Адам өзінің АИТВ–дәрежесін неліктен білу керек?

  • Вирустың көбеюін тежейтінарнайы препараттарды қабылдаудыуақытында бастау үшін
  • Өзінің жыныстық серіктестеріне АИТВ берілуін алдын алу үшін
  • Анадан балаға жүктілік, босану және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның берілуін алдын алу үшін

АИТВ оң нәтижелі адамқандай ем-дом алады?

АИТВ оң нәтижелі адамвирустың көбеюін тежейтін, арнайы препараттардықабылдайды, осылайша адам өмірінұзартады және сақтайды. Терапия антиретровирустық деп аталады. Егер емдеу уақытында басталса, адам қартайған шағына дейін өмір сүреді.

Жұқпаның алдын алу шаралары:

  • Жыныстық қатынаскезінде мүшеқаптар пайдалану
  • Тек өзінің стерильді шприцін пайдаланужәне оны басқа адамдарға пайдалануғажол бермеу
  • Татуировка және пирсинг үшін стерильденген инелердіпайдалану
  • тек өзінің жеке гигиеналық заттарын (қырынуға арналға жарақтар, тіс щеткалары)пайдалану
  • жүктілік кезінде, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдевирусқа қарсы ем алу, балаға жұқтырудыболдырмау үшінбаланы емізуденбас тарту.

FaLang translation system by Faboba