Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында стационарлардың орта медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара 26-27 тамызда өтті және өзекті тақырыпқа -АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарының өкілдеріне қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге арналды.
Жаттықтырушылар ЖИТС орталығының мамандары болды. Қатысушыларға стигманың көріну формалары туралы айтылды, стигма мен кемсітушілік арасындағы айырмашылықты түсіндірді, сонымен қатар нақты жағдайларға негізделген талдау үшін практикалық кейстер ұсынылды.
Кәсіби этика мәселелеріне, пациенттердің құқықтарын сақтауға, "зиян келтірме" қағидатына және денсаулық сақтау жүйесіндегі сенімнің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Стереотиптердің медициналық практикада шешім қабылдауға әсері туралы тақырыптар да көтерілді.
Семинар интерактивті форматта өтті: талқылаулар, сұрақтар, топтық жаттығулар. Соңында қатысушылар ақпараттың практикалық пайдасы мен өзектілігін атап өтті, сондай-ақ қатысу туралы сертификаттар алды.
#орталықЖИТСАлматы #тоқтаАИТВkz #жоқстигма

