Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған


Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері , 30 наурызда Алмалы ауданы ПБ полицейлеріне тренинг өткізді.

Іс-шараға қатысушылар, АИТВ-ның алдын алу шараларымен, берілу жолдарымен және тарихымен танысты. Тәртіп сақшыларының назарында, вирус қандай жағдайларда берілмейтіні болды. Бұл әсіресе, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, сондай-ақ халықтың негізгі топтарының өкілдеріне қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға қатысты.

Маңызды міндет — өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу — бұлда іс-шарада да талқыланды. Қатысушылар тестілеу түрлері туралы білді және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл алгоритмдері бойынша ұсыныстар алды.

Орталық мамандары, емдеуді уақтылы бастауға және жоғары өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретін, АИТВ-ны жүйелі түрде тестілеу мен ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға антиретровирустық терапияның заманауи әдістері және медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтылды.

#алдыналуАИТВ #тоқтавичкz #орталықЖИТСАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы