Қалалық балалар клиникалық жұқпалы


Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлерінің әртүрлі санаттарына арналған бірқатар семинарларды Алматы қ-сы ЖИТС орталығының қызметкерлері өткізді.

Оқыту іс — шараларының тақырыбы – АИТВ алдын алу. Қатысушылар вирус жұқтыру жолдарымен және вирустан қорғау шараларымен, сондай-ақ, талқыланатын тақырып бойынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдар үшін негізгі регламенттейтін құжаттарымен танысты.

Неліктен АИТВ-ға үнемі тестілеу керек? Тестілеудің қандай түрлері бар? AРТ әсер ету механизмі қандай? Осы және басқа сұрақтарға аудитория толық жауап алды. Инфекцияны ерте анықтауға ерекше назар аударылды, өйткені , уақтылы диагностика емдеуді ерте кезеңдерде бастауға және пациенттердің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Семинар барысында, мамандар клиникалық жағдайларды талдап, төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмдерін талқылады. Инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтау және кәсіби тәуекелдерді азайту бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Алынған білім мамандарға өз тәжірибелерінде заманауи тәсілдерді тиімді қолдануға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.

#тоқтаАИТВkz #алдыналуАИТВ #орталықЖИТСАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы