Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы


Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткен «Ашық есік» күні

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында «Ашық есік» күні өтті, ол медицина қызметкерлері мен ата-аналар арасындағы ағартушылық жұмыстың және ашық диалогтың маңызды бөлігі болып табылады.

Қатысушылар мекеменің қызметі, диагностиканың, емдеудің және профилактиканың заманауи әдістері туралы толық ақпарат алды.

Іс-шара аясында мамандар ата-аналармен АИТВ профилактикасына қатысты мини-тренингтер мен ақпараттық әңгімелесулер жүргізді. Дәрігерлер АИТВ-ға қатысты кеңінен тараған жалған ақпараттар туралы айтты, инфекцияның берілу жолдары, қорғаныс шаралары туралы түсіндірді. Медицина қызметкерлері кішкентай пациенттерді қарап, ата-аналарына кеңес берді. Дәрігерлер ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, психологиялық және ақпараттық көмек көрсетті, сондай-ақ, АИТВ бар адамдарға толыққанды және белсенді өмір сүру мүмкіндігін беретін заманауи терапияның мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін бейінді мамандардың – дерматологтың, инфекционисттің және фтизиатрдың қабылдауы ұйымдастырылды. Пациенттер қосалқы ауруларды емдеу, олардың профилактикасы мен одан әрі медициналық бақылау бойынша қажетті нұсқаулар алды.

Facebook желісінен көріңіз











FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы