"Балалар-біздің болашағымыз"


"Балалар-біздің болашағымыз"

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде, Алматы қаласы, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында "Балалар - біздің болашағымыз" акциясына 500-ден астам бала мен жасөспірім қатысты.

Акцияны Алматы қаласының ЖИТС орталығы, қалалық Адам репродукциясы орталығы, №5 Қалалық емхана және "Ана мектебі"қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шара балалардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша, ата-аналардың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Акция барысында, ата-аналар медициналық мамандардан кеңес алып, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды. Қатысушылар үшін салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді, сондай-ақ, балаларға арналған интерактивті алаңдар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Медицина қызметкерлері , медициналық сауаттылықты арттыруға және бүкіл отбасының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Балалар сыйлықтар алды.

"Ұлым екеуміз, АИТВ-ның алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау туралы бірнеше ақпараттық брошюралар алдық. Бұл ақпарат жасөспірім ұлы мен бүкіл отбасы үшін өте маңызды. Осындай іс - шараларды өткізгеніңіз үшін рахмет", - деп атап өтті жасөспірім Арманның анасы Сәуле.

Акция балаларды, ата — аналарды және мамандарды, жас ұрпақтың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды мақсаты төңірегінде біріктіре отырып, жылы және мерекелік атмосферада өтті.

Смотреть видео на Facebook











FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы