Микробқа қарсы төзімділік бойынша семинар


Микробқа қарсы төзімділік бойынша семинар

Алматы қ. ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігерлеріне арналған семинарды , С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ "АИТВ – инфекциясы және инфекциялық бақылау" курсының жетекшісі - мғд,профессор Ж.С. Нұғманова, өткізді.

Талқылау орталығында микробқа қарсы төзімділік (МҚТ) болды. Жаттықтырушы МҚТ себептері мен салдары туралы айтты. Қатысушылар мәселеге қатысты нақты жағдайларды талқылады.

МҚТ бойынша соңғы әлемдік зерттеулер мен олардың нәтижелері аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, семинар барысында клиникалық тәжірибеде микробқа қарсы препараттарды ұтымды қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

Микроорганизмдердің тұрақтылығының алдын алу және қолданыстағы емдеу әдістерінің тиімділігін сақтаудағы дәрігерлердің рөлііне ерекше назар аударылды. Қатысушылар сонымен қатар, эпидемиологиялық қадағалауды күшейту, диагностиканы жетілдіру және медицина қызметкерлері мен пациенттердің хабардарлығын арттыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, микробқа қарсы төзімділікпен күресудің халықаралық стратегияларын талқылады.

#ОрталықЖИТСАлматы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы