Новости

Новости

18 тамызда Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында диспансерлік бөлім дәрігерлеріне арналған семинар – тренинг өтті.

ТІс-шараның тақырыбы өзекті - «АИТВ-инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарға көмектесу».

еOtinish сервисі арқылы қалай өтініш беруге болады

eOtinish сервисі арқылы мемлекеттік органдарға өтініш беріп, шағым түсіруге болады. Бұл ТКШ, абаттандыру, заңсыз құрылыс, кәсіпкерлік, құқықтарды қорғау және т.б. мәселеге арналған бірыңғай платформа.

Қаланың қан орталықтарымен және медициналық ұйымдарының трансфузиологтарымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың қорытындысы

9 тамызда Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қан орталықтарымен және қаланың медициналық ұйымдарының трансфузиологтарымен бірлескен жұмысты қорытындылады.

ҚАЖД-мен жұмыс қорытындысы

7 тамызда Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлеріен ҚАЖД қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды.

Дәрігерлер бірлескен жұмысты қорытындылады

17 шілдеде Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында психикалық денсаулық орталығының және сенім пункттерінің мамандарымен бірлескен жұмысты қорытындылады.


ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері - Б.Табинова, А. Заурбекова, К. Аралбаева және П. Күмісбек қаладағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы, инфекцияның даму үрдістері және оны төмендету шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Бүгінде қалада халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ны алдын алуды арттыру үшін 19 сенім пункті жұмыс істейді. ИЕҚА – мен жұмыс істеуге 30 аутрич қызметкерлері тартылған. Олар үшін ЖИТС орталығының дәрігерлері үнемі тренингтер мен семинарлар өткізеді. Бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін медицина қызметкерлері ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, клиенттерді аутрич қызметкерлері арқылы ЖЖБИ-ға тексеру және консультациялар алу үшін достық кабинеттеріне мамандарға жіберу бойынша жұмысты жалғастыру керек деген шешім қабылданды. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

Жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды

14 маусымда Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері, тері-венерологиялық диспансердің және аутрич-қызметкерлерінің жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстарының қорытындылары талқылады.


ЖИТС орталығының қызметкерлері - эпидемиология бөлімінің меңгерушінің м.а. -Б. Табинова, дерматовенеролог-дәрігер А. Туржанова, эпидемиолог-дәрігерлер К. Аралбаева және Б.Органов кеңеске қатысушыларды АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және бірлескен жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Бүгінде қалада зиянды азайту бағдарламасы бойынша алты Достық кабинет жұмыс істейтіні атап өтілді. Олардың ішінде негізгі топтардың өкілдері, соның ішінде секс-жұмыскерлері, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар ЖЖБИ, АИТВ-ға тексеріліп, презервативтер және кеңес ала алады. Қатысушылар АИТВ-ны алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында, оның ішінде байланысқа дейінгі топтардың өкілдерін қамтуды ұлғайту қажет деген қорытындыға келді. ЖЖБИ диагностикасы, кеңес беру және емдеудің артықшылықтарын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ , профилактикалық жұмысты арттыру үшін, ЖИТС орталығының көшпелі тобымен , секс қызметкерлері жиналатын орындарға баруды жалғастыру. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

АЛМАТЫДА АЛҒАШ РЕТ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ АРНАЛҒАН КӨРКЕМ КӨРМЕ ӨТЕДІ

2023 жылғы 21 шілдеде сағат 16.00-де Алматыда А.Қастеев атындағы мұражайда дәрігерлер мен өнер қайраткерлерін біріктіруге арналған алғашқы көркем көрме өтеді.


«Адамдарға риясыз және жанқиярлықпен қызмет етемін» көрмесі дәрігерлерге, мейіргерлерге, олардың күнделікті өмірдегі қиын жұмыстарына, әсіресе пандемияға арналған және 2023 жылы медицина қызметкері күнін мерекелеуге және ҚР Суретшілер Одағының 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылған. Көрмені ұйымдастыру идеясының бастамашылары: ҚР ҰҒА академигі, проф. В.Локшин және суретшілер бірлестігінің төрағасы Л.Дроздова. Ашылу салтанатының бағдарламасында Ә.Қастеев атындағы мұражайдың директоры Ғ.Жұмабекованың, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпованың, ғылыми жетекші Е.Резникованың сөз сөйлеуі күтіледі. Сондай-ақ, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков, РМҚҚ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Вячеслав Нотанович Локшин, ҚР СХ басқарма төрағасы Ө. Жұбаниязов, көрмені ұйымдастырушы, «Яблоневая Палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының басшысы, ҚР СБ Басқарма мүшесі Лидия Дмитриевна Дроздова және куратор Марлан Кеңесұлы Нысанбаев құттықтау сөз сөйлейді. Көрменің ашылуы кезінде концерттік бағдарлама жоспарлануда. Осы іс-шараға аккредитация алғысы келетін құрметті журналистер көрме кураторларына хабарласуларыңызды сұраймыз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Тел.+7 705 217 8976, +7 778 118 7248

Республикалық қан орталығындағы семинар

30 маусымда Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері Республикалық қан орталығының мамандарына семинар өткізді.


Дәрігер-эпидемиолог - Г. Амиргалиева және дәрігер-инфекционист - А. Казанцева қатысушыларды әлемдегі, елдегі және Алматы қаласындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, сондай-ақ ҚР ДСМ-нің АИТВ-инфекциясы бойынша негізгі регламенттейтін құжаттарымен таныстырды. Қатысушылар АИТВ-ға медициналық куәландыру ережелерімен және тестілік консультацияға дейін және одан кейінгі алгоритммен танысты. ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ және оппортунистік инфекцияларды алдын алу, диагностикалау және емдеудің, сондай-ақ пациенттерге күтім жасаудың тиімді құралдарына қолжетімділікті кеңейтудің арқасында АИТВ инфекциясы терапияға жарамды созылмалы аурулар санатына ауысқанын атап өтті. Қатысушылар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тексеруден кім өтуі керектігі туралы ақпарат алды: -✅ медицина қызметкерлері жылына бір рет, -✅ анасында АИТВ анықталған кезде 16 жасқа дейінгі балалар, -✅ қан донорлары әр донация алдында АИТВ - ға тексеріледі, -✅ биоматериал донорлары (жыныс жасушалары, ұлпалар, органдар және т. б. ) -✅ АИТВ-ға тексерілген күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде: трансплантациялау, ағзаларды, тіндерді алу жөніндегі операциялар және т. б., -✅ реципиенттер-гемотрансфузияға дейін, 1 және 3 айдан кейін, -✅ төтенше жағдай туындаған жағдайда, 1 және 3 айдан кейін. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

Полиция қызметкерлеріне арналған дәріс

6 маусымда Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне дәріс оқыды.


Дәрігер-эпидемиолог А.Әмірова республикадағы және мегаполистегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының таралу ерекшеліктері мен негізгі тенденциялары туралы айтты. Әңгіменің ерекше тақырыбы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік болды. Қатысушылар бірауыздан стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу керектігін айтты. АИТВ барлық адамға әсер етуі мүмкін, ешкімнің құқығы бұзылмауы керек, сондықтан қоғамда толеранттылыққа, әрбір адамға құрметпен қарауға тәрбиелеу қажет. #ЦентрСПИДАлматы #СтопВИЧkz

Последние дни в центре внимания общественности оказались события вокруг Центральной городской клинической больницы Алматы

Посмотреть на карте Алматы