Новости

Новости



29 қазан күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында жүктілігі кезінде АИТВ-инфекциясы анықталған әйелдердің тәжірибесіне арналған сапалы ғылыми зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Зерттеудің авторлары: Элизабет Дж. Кинг, PhD, MPH, Мичиган университетінің денсаулық сақтау саласындағы мінез-құлық және теңдік кафедрасының доценті мен Ж.С.Нугманова медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» курсының жетекшісі.

Зерттеу әйелдердің медициналық көмекке қол жеткізуіне, олардың психологиялық жай-күйіне, репродуктивтік шешімдеріне және ұзақ мерзімді емделуге бейімділігіне әсер ететін факторларды зерделеуге бағытталған. Жүктілік кезеңіне және босанғаннан кейінгі уақытқа - уақытылы медициналық қолдау және мамандардың мұқият қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болатын кезеңдерге ерекше көңіл бөлінеді.

Зерттеу 2024 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін жүргізілді. Оған Алматы қаласынан 15 әйел қатысты. Интервью арқылы зерттеушілер қатысушылардың жеке тәжірибесін, олардың медициналық ұйымдармен өзара қатынастарын, диагноздарына деген көзқарастарын және әлеуметтік қолдаудың рөлін зерделеді.

Осындай зерттеулердің нәтижелері АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің қажеттіліктерін тереңірек түсінуге, медициналық және психологиялық қолдауды жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі. Басты назарда -емделу ғана емес, сонымен қатар өмір сүру сапасы, әйелдің жеке таңдауын құрметтеу, құпиялылықты сақтау және әрбір пациент өз уақытында стигмасыз және қорқынышсыз қажетті көмекті ала алатын жағдайлар жасау.

#АИТВжәнеанаболу #АлматыЖИТСорталығы



















#ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңжолдауы



28 қазан күні Алматы технологиялар және флористика колледжінің білімгерлері Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша танымдық кездесуге қатысты.

Қатысушылар АИТВ-ң берілу жолдары, профилактиканың тиімді шаралары мен тестілеуден уақытылы өту маңыздылығы туралы білді. Кеңінен тараған жалған ақпараттарға ерекше назар аударылды, олар негізсіз қорқыныш пен үрейлердің себебі болып табылады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: білімгерлер білімдерін кеңейтіп, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарды қойып, мамандардан жауап алды.

АИТВ-ның қалай берілетінін және өзін қалай қорғайтынын түсіну жауапты шешімдер қабылдауға, өз денсаулығына қамқорлық жасауға және АИТВ-мен ауыратын адамдарға стигма мен кемсітушіліксіз қарауға көмектеседі.

Алматы ЖИТС орталығы жастар арасында ақпараттық-ағарту жұмысын жалғастырып, денсаулыққа деген жауапкершілікті қалыптастыруға және АИТВ- инфекциясы туралы шынайы білімді таратуға көмектеседі.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы



21 октября в Колледже индустрии туризма и гостеприимства состоялась интерактивная лекция по профилактике ВИЧ-инфекции, объединившая более 50 участников. Актуальную тему аудитории представили врачи Центра по профилактике и борьбе со СПИД г. Алматы.

Встреча была направлена на повышение осведомлённости молодёжи о ВИЧ-инфекции, путях её передачи и современных мерах профилактики. Специалисты доступно объяснили, почему важно располагать достоверной информацией о вирусе и уметь применять эти знания в повседневной жизни.

Особое внимание уделили основным путям передачи ВИЧ и ситуациям, в которых риск передачи отсутствует. Медики развеяли распространённые мифы, подчеркнув, что ВИЧ не передаётся при обычном бытовом общении и рукопожатиях.

Интерактивный формат позволил участникам не только получить полезную информацию, но и задать интересующие вопросы специалистам. Такой открытый диалог помогает молодым людям лучше понимать тему, преодолевать предубеждения и формировать ответственное отношение к собственному здоровью.

Врачи также рассказали о значении своевременного тестирования на ВИЧ. Знание своего ВИЧ-статуса позволяет при необходимости вовремя обратиться за медицинской помощью и начать лечение. Сегодня при соблюдении рекомендаций специалистов антиретровирусная терапия позволяет людям с ВИЧ жить полноценной жизнью.



Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан мейраммен - Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймыз!

24-26 қазан демалыс күндеріне байланысты біздің Орталығымыздың мамандандырылған медициналық зертханасында 25 қазан күні сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін кезекші бригада жұмыс жасайтыны туралы хабарлаймыз.

Құрметпен, Алматы қаласы ЖИТС орталығы



АИТВ-ның алдын алу: медицина қызметкерлері үшін кәсіби білім

Қазақстан Республикасы Президентінің істері басқармасының Ұлттық госпиталінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті. Оны дәрігер-инфекционист А.И.Казанцевамен бірге Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері өткізді.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелерін талқылады, вирус таралуының алдын алудың заманауи тәсілдеріне және медицина қызметкерлерінің ақпараттандырылуын арттыруға ерекше назар аударды.

АИТВ профилактикасында медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бекітілген талаптарды білу және сақтау кәсіптік жұқтыру тәуекелін төмендетуге және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Семинар кәсіби тәжірибемен алмасу, практикалық мәселелерді талқылау және мамандардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу мүмкіндігін берді. АИТВ профилактикасы - сапалы медициналық көмектің маңызды құрамбөлігі. Мамандарды тұрақты түрде оқыту, қауіпсіздік шараларын сақтау және тестілеу мәселесіне жауапкершілікпен қарау инфекцияны уақытылы анықтау және адамдардың денсаулығын қорғау үшін қажетті шарттар болып табылады.

#АИТВпрофилактикасы #стопАИТВkz #АлматыЖИТСорталығы



Өзіңді қорғау үшін білу қажет

«Medical Assistance Group» ЖШС-ң стоматологиялық клиникасының 30-ға жуық қызметкері ағымдағы жылдың 15 қазанында өткен АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша дәріске қатысты. Оқыту іс-шарасын Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді.

Тақырып қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Медицина қызметкерлері үшін АИТВ туралы білу өте маңызды: бұл өз денсаулығын қорғаумен қатар, қажетті инфекциялық бақылау шараларын сақтау арқылы пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал, вирустың негізгі берілу жолдары мен профилактиканың тиімді шаралары туралы айтты. Кеңінен тараған жалған ақпараттарға ерекше назар аударылды, олар негізсіз қорқыныш пен үрейлердің себебі болып табылады.

Сонымен қатар, қатысушылар медициналық көмек көрсету барысында стандартты қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығы туралы білді. Медициналық құралдарды дұрыс пайдалану, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану кәсіби жұқтыру тәуекелін төмендетуге көмектеседі.

АИТВ-ға тестілеумен байланысты сұрақтарды талқылау кездесудің маңызды бөлігі болды. Мамандар уақытылы тексерілу АИТВ-ға мәртебеңізді дер кезінде білуге және қажет болғанда медициналық көмекке жүгінуге көмектеседі.

#АИТВпрофилактикасы #стопАИТВkz #АлматыЖИТСорталығы



№ 11 мекеменің барлық жеке құрамы 12 қазанда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Амирова өткізген АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша тренингке қатысты.

ЖИТС орталығының маманы қатысушыларға Алматы мен Қазақстандағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, профилактиканың өзекті мәселелерін белгілеп, уақытылы тестілеудің маңыздылығын атап өтті.

Адамның иммун тапшылығы вирусының ағзаға қалай әсер ететініне және инфекцияны ерте анықтаудың неге маңызды екеніне ерекше назар аударылды. Қатысушылар «терезе кезеңі» дегеніміз - инфекциядан кейінгі уақыт аралығы, ол кезде тест АИТВ-ны әлі анықтамауы мүмкін. Сондықтан тестілеу мерзімін білу және қажет болған жағдайда маманның ұсынысы бойынша оны қайта тапсыру маңызды.

АИТВ жұқтырудың негізгі жолдары мен инфекциядан қорғану тәсілдері жеке талқыланды. Осы білім нақты тәуекелдерді кең таралған қателіктерден ажыратуға, қорқынышқа ұшырамауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.

Тренинг ашық диалог форматында өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, кәсіби жауаптар алды.

Ақпараттандыруды арттыру - профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі. Адамдар АИТВ туралы, оны жұқтыру жолдары мен диагностикалау мүмкiндiктерi туралы неғұрлым көп бiлсе, айналасындағылардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн сақтауға бағытталған шешiмдердi соғұрлым сенiмдi қабылдай алады.

#стопАИТВkz #АИТВпрофилактикасы #АлматыЖИТСорталығы



АИТВ-инфекциясына заманауи көзқарас

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында «АИТВ-инфекциясының патогенезы туралы заманауи түсініктер» өзекті тақырыбында семинар өтті.

Медицина қызметкерлерінің алдында Ж.С.Нугманова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» курсының жетекшісі баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар АИТВ-инфекциясының даму механизмдері туралы заманауи түсініктермен, вирустың адамның иммундық жүйесімен өзара әрекет ету ерекшеліктерімен және инфекцияны жұқтырған соң ағзадағы өзгерістермен таныстырылды.

Иммундық жауап және ем қабылдамаған кезде ағзаның қорғаныс функцияларының бірте-бірте төмендеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы үрдістер медицина қызметкерлеріне аурудың ағымын терең түсінуге және заманауи ғылыми деректерді клиникалық практикада ескеруге көмектеседі.

АИТВ-инфекциясының заманауи диагностикасы, пациенттердің жағдайын бағалау және одан әрі емдеу тактикасын таңдау үшін алған білімдерінің практикалық маңызы бар. Егер антиретровирустық терапияны тұрақты қабылдаса, емдеудің қазіргі заманғы әдісі АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін денсаулығын және өмір сүру сапасын сақтауға көмектеседі.

#стопАИТВkz #АлматыЖИТСорталығы



АИТВ-ға экспресс-тест: әрбір кезеңдегі дәлдік 9 қазанда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының арнайы зертханасының сапа жөніндегі менеджері Аида Бортебаева қызметкерлер үшін АИТВ-ға экспресс-тест жасау техникасы бойынша семинар өткізді.

Оқу барысында қатысушылар экспресс-тестті өткізудің негізгі кезеңдерімен, тест-жүйелермен жұмыс істеу ерекшеліктерімен және өндірушінің нұсқаулығын сақтауға қойылатын талаптармен танысты. Іс-қимылдардың дұрыс дәйектілігіне ерекше назар аударылды, өйткені нәтиженің дұрыстығы әрбір кезеңнің орындалу дәлдігіне байланысты.

Семинардың жеке тақырыбы биологиялық материалдармен жұмыс кезінде сапа стандарттары мен биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау болды. Қатысушыларға жеке қорғану құралдарын пайдалану, шығыс материалдарын дұрыс қолдану және тестілеудің барлық кезеңдерінде белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.

Оқытудың практикалық бағыты қызметкерлерге білімдерін жүйелеуге және күнделікті жұмыста маңызы бар нюанстарға назар аударуға мүмкіндік берді.

Посмотреть на карте Алматы