Аккредитация

Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандандырылған медициналық зертханасы ҚР СТ 15189-2015 ISO халықаралық стандарты бойынша аккредиттеуден өтті және 2022 жылы аккредиттеу аттестатын алды, осылайша ұлттық аккредиттеу орталығында жүргізіліп жатқан сапа саласындағы зерттеулердің сәйкестігін растады.

Аккредиттеу халықаралық сапа стандарттарында белгіленген барлық талаптар сақталатын, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына мониторинг жүргізілетін, тиісті клиникалық-диагностикалық бақылау жүзеге асырылатын ұйымның құзыреттілігін растайды. Бүгінгі таңда зертханада әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары технологиялық жабдық орнатылған. Мұнда төртінші буын АИТВ - ға диагностикалық тест жүйелері қолданылады. Жыл сайын р24 АИТВ антигені мен АИТВ 1,2 антиденелерін анықтауға арналған 427000-нан астам скринингтік зерттеулерді иммуноферменттік және иммунохемилюминесценттік талдау әдісімен жүргізіледі. Бір жыл ішінде зертхана қызметкерлері Т-лимфоциттердің СД3/СД4 және СД3/СД8 санын, АИТВ вирустық жүктемесін, "В" және "С"вирустық гепатиттерін анықтау үшін 10 000-нан астам иммунологиялық зерттеулер жүргізеді. Және жылына 12000 - нан астам зерттеулер - ПТР әдісімен (полимеразды тізбекті реакция).

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы