Алматы қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері, "Алматы қ.бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің" (№72, №11, №13 мекемелері) және Алматы қ. ҚДБ "№24 қалалық емхана" ШЖҚ КМК қызметкерлерімен өткен кеңесте, 2024 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындылары мен келген жылдың жоспарларын талқылады.
ЖИТС орталығының дәрігерлері қатысушыларды 17.03.2023 ж.ҚР ДСМ 180 ересектердегі АИТВ - инфекцияларын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасымен, сондай-ақ мегаполистегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Қатысушылар ҚАЖД мекемелерін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша білім беру жұмыстарымен қамту артып келе жатқанын атап өтті. Дәрігерлер қызметкерлер мен тұтқындағы адамдарға вирустың берілу жолдары мен қорғану шаралары туралы дәріс оқиды, ақпараттық-білім беру материалдарын таратады.
Проблемалық мәселелердің ішінде, кеңеске қатысушылар адамдарды АИТВ-ға тексеруді бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті, әсіресе босатылғанға дейін.
ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары туберкулездің химиопрофилактикасы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың антиретровирустық терапияға бейімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берді.