Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Қатысушылар медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясын алдын алу жұмысын ұйымдастыру үшін ҚР ДСМ-ң және Алматы қ. ҚДБ-ң реттеу құжаттарын егжей-тегжейлі зерттеді.
Жиналыстың маңызды тақырыптары АИТВ бойынша эпидемиялық ахуал, инфекция ағымының клиникалық ерекшеліктері, диагностика тәсілдері болды. Медицина қызметкерлеріне тестілеу тәсілдері туралы айтылды. Экспресс-тестілеу әдісіне ерекше назар аударылды. Елімізде АИТВ-инфекциясына тестілеу тегін, құпиялы, қажет болғанда жасырын түрде жасалады.
Жаттықтырушылар тестке дейінгі және тесттен кейінгі психо-әлеуметтік кеңес беру, оның маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтты.
Авариялық жағдайлар көптеген сұрақтар туындатты, бұл жерде тыңдаушылар іс-әрекеттердің толық алгоритмімен танысты.
Неге АИТВ-инфекциясы бар пациентті емдеу барысында этика және деонтология ережелерін сақтау қажет? Неге стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажет? Қатысушылар осы және басқа да сұрақтарға жауап алды.