Алматы қ.ЖИТС орталығының 30-дан астам дәрігері семинарға қатысып


Алматы қ.ЖИТС орталығының 30-дан астам дәрігері семинарға қатысып, медициналық ұйымдағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау туралы білімдерін толықтырды.

Инфекциялық бақылау - бұл пациенттер мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, әрбір медициналық ұйымдағы міндетті стандарт.

Орталықтың медицина қызметкерлері парентеральды инфекциялардың алдын алу және жұмыс орындарында сақтық шараларымен танысты.

Медициналық персоналдың кәсіби инфекциясының алдын алу және биоматериалмен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - семинарда талқылаудың маңызды тақырыбына айналды.

Тағы бір өзекті тақырып - медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау және кәдеге жарату ережелері.

Семинар соңында қызметкерлердің қолын өңдеу бойынша практикалық сабақ өтті.

#центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы