Туберкулез -ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis бактериясы. Микобактериялар туберкулезбен ауыратын науқас сөйлесу, жөтелу, түшкіру және т. б. кезінде шығаратын ең кішкентай тамшыларда болады.
Ересектер арасында туберкулез бойынша қауіп тобына жататындар:
- қарт адамдар,
- созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар (мысалы, қант диабеті, аутоиммунды аурулар),
- онкологиялық аурулары бар адамдар,
- иммуносупрессивті препараттарды қабылдайтын адамдар,
- ауыр операциядан өткен науқастар,
- темекі шегушілер.
Денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Есіңізде болсын, туберкулез емделеді, кез-келген күдікті жағдайда дәрігерге хабарласыңыз.