10 ақпанда Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері 14 қалалық емхана қызметкерлерне АИТВ алдын алу бойынша семинар өткізді.
Дәрігерлер қатысушыларды "Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті медициналық тексеру қағидаларына"сәйкес, АИТВ-ға тексеру бойынша медициналық ұйымдарда жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қ. ҚДО-ның негізгі регламенттеуші құжаттарымен таныстырды.
Жаттықтырушылар психоәлеуметтік кеңес беру мен тестілеудің ерекшеліктері, АИТВ - инфекциясының клиникалық ерекшеліктері туралы айтып берді. АИТВ-ға қан алу алгоритмі қандай? Бұл сұрақтың жауабы қатысушыларды алаңдатты және олар егжей-тегжейлі жауап алды. Семинардың тағы бір өзекті тақырыбы - байланысқа дейінгі профилактика (БДП). Байланысқа дейінгі профилактика-АИТВ-сыз адамдар оны үнемі және дұрыс қолданған жағдайда ,вирустың таралуын болдырмаудың ең тиімді әдісі. Жаттықтырушылар Қазақстанда дәрі-дәрмектің ел азаматтары үшін мүлдем тегін және құпия түрде берілетінін, мигранттар оны дәріханаларда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтары немесе жеке медициналық мекемелер дәрігерлерінің рецепті бойынша сатып ала алатынын айтты.
Жиналғандар семинардың басқа да өзекті тақырыптары бойынша ақпарат алды:
-📌 АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік,
-📌 авариялық жағдайлар болған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері,
-📌 контактіден кейінгі профилактика,
-📌 АИТВ-мен ауыратын науқастарға қатысты этика.