1 наурыз - "Кемсітушілік нөлі" күні
Біз бірміз
Бұл нөлдік кемсітушілік күні, ЮНЭЙДС мемлекеттерді, донорларды және серіктестерді АИТВ-ға тұрақты жауап беру бойынша өз міндеттемелерін орындауға және қауымдастықтарды кепілдік бере отырып қолдауға шақырады:
- Қоғамдастықтар басқаратын ұйымдар үшін, кемсітушілік пен қудалаусыз әрекет ету еркіндігі..
- Қоғамдық ұйымдар үшін тұрақты қаржыландыруды тіркеу және алу мүмкіндігі.
- Осал және маргиналды топтарға, медициналық қызмет көрсетуде қоғамдастықтарды қолдау.
- Негізгі топтардың криминализациясына, стигмаға, кемсітушілікке және гендерлік теңсіздікке қарсы күресті қоса алғанда, адам құқықтарының сақталуын бақылау бойынша, қауымдастықтардың жұмысын қаржыландыру.
Бүгінгі күні АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілікті жою жөніндегі жаһандық серіктестік аясында біріккен елдер мен серіктестерге қолдау көрсету бұрынғыдан да маңызды. Қауымдастықтардың негізгі рөлі мен көшбасшылығының арқасында бұл механизм АИТВ-ға әділ және инклюзивті жауап беруге ықпал ететін жүйелік кедергілер мен теңсіздіктерді жоюдың катализаторы болды.
#БізБіргеміз