Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері


Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың 15 сәуір күні И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының медицина қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Қатысушылар медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша жұмысты үйымдастыру жөніндегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы ҚДБ негізгі регламенттеу құжаттарымен танысты.

Аудитория «АИТВ дегеніміз не?», «Тестілеу қалай жүргізіледі?», «Психикалық-әлеуметтік кеңес беру», «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қандай емдеу алады?» деген сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері арасында АИТВ кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар бөлінді. ЖИТС орталығының қызметкерлері авариялық жағдайларда іс-әрекеттер алгоритмі мен жанасудан кейінгі профилактикаға уақытылы жүгіну маңыздылығы туралы ескертті.

Кездесудің соңында қатысушылар АИТВ-инфекциясы саласында одан әрі білімдерін жетілдіруге және біліліктіліктерін арттыруға қызығушылық білдірді. Осындай іс-шаралар медицина қызметкерлерінде тұрақты білім қалыптастыруға және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға көмектеседі.

#центрСПИДАлматы
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы