ЖИТС орталығында сенбілік өтті.
Бүгін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматы қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы — біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында сенбілік өткізді.
Сенбілікке қатысушылар мекеме аумағын ретке келтіріп, қоқыс жинап, көгал шауып, қоршауларды сырлады.
Сүйікті қаламызды таза әрі көрікті ету — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Бізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлаған батырларға мәңгілік тағзым!
#ТазаҚазақстан #АлматыНашОбщийДом #центрСПИДАлматы #Субботник #80летПобеды