Халықаралық мейірбике күні


Халықаралық мейірбике күні

Бүгін Халықаралық мейірбике күніне орай Алтынай Батырбекова, Ольга Петрова және Анастасия Шадских адал еңбегі мен жанашырлығы үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бұл мейірбикелер — орталығымыздың мақтанышы, олардың ұраны — кәсібилік, ал әріптестері олардан үлгі алады. Оларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, зор денсаулық, еңбекте табыс және отбасылық амандық тілейміз.

Мейірбике мамандығы — ең ізгі мамандықтардың бірі. Бұл кәсіп иелері жанындағыларға қайырымды, шыдамды, жанашыр, мейірімді, аялы көзқараспен қарай білетін рухани қасиеттерге ие болуы керек. Сонымен қатар, еңбекқорлық, байқағыштық, жаңа нәрсені үйренуге деген құштарлық пен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға дайын болу маңызды.

#центрСПИДАлматы #профилактикаВИЧ

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы