Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы


Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері аурудың үшінші және төртінші соңғы кезеңдерінде анықталған АИТВ-инфекциясының жағдайларын талдауға бағытталған бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарының медицина қызметкерлерімен бір қатар кеңестер өткізді.

Кездесулерге қалалық емханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері және мейірбикелері қатысты. Медицина қызметкерлері Алматы қаласында, сонымен қатар, жалпы еліміздегі АИТВ-инфекциясы бойынша өзекті ақпарат алды. Мысалы, вирусты жұқтырудың негізгі жолдары, профилактика шаралары мен тексеру стандарттарын сақтау маңыздылығы сияқты мәселелер қаралды.

ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері аурудың клиникалық кезеңдері, олардың белгілері мен ауру ағымының ерекшеліктері туралы айтты. Инфекцияны ерте анықтау маңыздылығына ерекше назар аударылды: адам өзінің оң АИТВ-мәртебесін неғұрлым ерте білсе, соғұрлым ол антиретровирустық терапияны тезірек бастап, өмір сүру сапасын сақтай алады.

Сонымен қатар, ерте диагностикаға кедергілер де талқыланды: стигматизация, халықтың төмен ақпараттандырылуы және тұрақты түрде тестілеуден өтуге мотивацияның жетіспеушілігі. Орталық қызметкерлері осы кедергілермен күресте БМСК негізгі рөль атқаратыны туралы айтты.

Кеңестердің қорытындылары бойынша қатысушылар БМСК ұйымдары мен ЖИТС орталығы арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру бойынша практикалық нұсқаулар әзірледі.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы