Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандырылуды арттыруға және оның алдын алу бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған оқудан өтті.
Білім беру іс-шарасы АИТВ алдын алу мәселелері бойынша медицина қзметкерлерінің біліктілігін арттыру жолындағы маңызды қадам.
Тренингті Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған. Бағдарлама аясында қатысушылар АИТВ-ң берілу жолдары, диагностиканың заманауи әдістері мен профилактиканың мүмкіндіктері, оның ішінде, халықтың негізгі топтары арасындағы профилактика туралы өзекті ақпарат алды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар пациенттермен қарым-қатынас құрудың этикалық мән-жайларын және медициналық практикада құпиялылықты сақтау маңыздылығын талқылады.
Оқу барысында медицина қызметкерлері кеңес беру дағдыларын жетілдіруге, ауруды ерте анықтауға және көмек қажет ететін пациенттерді бағыттау маңыздылығына арналған практикалық жаттығуларға қатысты.
Осындай тренингтерді өткізу АИТВ-мен байланысты шақырулар кезінде тиімді қызмет көрсетуге дайын кәсіби ортаны қалыптастыруда басты рөлді атқарады және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартырады.
#центрСПИДАлматы