Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері стационарлар мен орталықтардың медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-ң алдын алу бойынша екі күндік семинар өткізді.
Қатысушылар АИТВ-инфекциясының түрлі мәселелері бойынша өзекті білім алды, оның ішінде:
-берілу жолдары;
-аурудың даму кезеңдері;
-қорғану шаралары;
-АИТВ туралы кең тараған жалған ақпарат.
Семинарда АИТВ-на тестілеуден өту тақырыбына ерекше назар аударылды.
Жаттықтырушылар тестілеудің түрлері, оның ішінде, нәтижесі 20 минуттың ішінде дайын болатын экспресс-тестілеу туралы айтты. Сонымен бірге, пациентке сауатты кеңес беруге және орын алатын қобалжуды жеңілдетуге мүмкіндік беретін тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі кеңес берудің маңыздылығы талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар теоретикалық материалмен танысып ғана қоймай, практикалық жаттығуларға да қатысты. Медицина қызметкерлері кеңес беру дағдыларын жетілдірді, пациентке ақпаратты дұрыс жеткізуді үйренді, өздерінің тәжірибесінен күрделі клиникалық жағдайларды талқылады.
Осындай семинарларды өткізу медициналық қауымдастықтың ақпараттандырылуын арттырып, АИТВ-инфекциясын тиімді диагностикалауға және ерте анықтауға ықпал етеді.
#АлматыЖИТСорталығы #АИТВалдыналу