Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Рахат» перзентханасының


Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Рахат» перзентханасының гинеколог-дәрігерлері, акушерлері және мейірбикелері АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша тренингке қатысты. Білім беру шарасын Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары өткізді.

Қатысушыларға арналған АИТВ профилактикасының, диагностикасы мен емдеудің негізгі аспектерін қамтитын құрылымдалған және толық бағдарлама әзірленген. Тренингтің басында қатысушылар медициналық ұйымдардағы профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының нормативтік құжаттарымен танысты.

АИТВ-на тестілеу, авариялық жағдайлар (мысалы, иненің кездейсоқ кіріп кетуі) кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ, вирустың жұғу жолдары туралы жалған ақпараттар мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Маса шағу, бассейнді бірге қолдану және тұрмыстық байланыстар арқылы АИТВ-ң жұқпау жағдайлары белсенді талқыланды.

Сонымен қатар, жаттығушылар инфекциялық бақылау стандарттарын сақтау маңыздылығына назар аударды. Жүкті әйелдермен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері үшін ерекше маңызды болып табылатын АИТВ-мен өмір сүретін пациенттермен қарым-қатынас құрудың психологиялық аспекттері жеке қаралды.

Қатысушылар алған ақпараттың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті және ұйымдастырушыларға оқудан өту мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Осындай іс-шараларды өткізу медицина қызметкерлерінің тұрақты кәсіби позициясын қалыптастыруға және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.

#АлматыЖИТСорталығы #АИТВпрофилактикасы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы