Алматы қ. ЖИТС орталығында 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп берілді

Алматы қ. ЖИТС орталығында 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп берілді

15 Қаңтарда Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының " ШЖҚ ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКК 2018 жылға есеп беру өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері: басшының орынбасары Ж. Мадеева және бас маман Э. Ибрагимова, Бостандық аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері З. Умарова, ЖИТС орталығының қызметкерлері қатысты.
2018 жылғы қызметтің негізгі нәтижелерін есеп беру кезінде бас дәрігер М. Төкеев таныстырды. Ол Алматы қаласындағы эпиджағдайдың даму үрдістері, орталық пен денсаулық сақтау басқармасы арасында қол қойылған меморандум индикаторларының орындалуы, сондай-ақ АИТВ мәселелері бойынша үйлестіру жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Орталықтың жұмысындағы жетістіктер мен инновациялар талқыланды. Жаңа 2019 жылға міндеттер белгіленді.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы