Алматыда АИТВ бар шетелдіктерді тегін емдеу басталды

Алматыда АИТВ бар шетелдіктерді тегін емдеу басталды

АИТВ-инфекциясыжәне АИТВ/туберкулез жұқпасы бар шетел азаматтары Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында тегін ем ала бастады.
Бұл «Қазақстандағы ТБ-ны бақылау жүйесін реформалау және ТБ-ның дәріге төзімді нысандарының менеджментін күшейту арқылы туберкулез (ТБ) ауыртпалығын төмендету» бағдарламасы шеңберінде ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың грантын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды.
- Шетел азаматтары, олардың көпшілігі рұқсат аалмаған еңбекші-мигранттар, антиретровирустық препараттарды (АРВ) тегін алады.Медиктер жиі клиникалық мониторинг жүргізеді, оның ішінде жанама реакциялар менеджменті, ең тиімді дәрі-дәрмектер мен емдеу сызбаларын таңдау, сондай-ақ кеңес беру үшін.Ерекше бақылауда - АИТВ бар жүкті әйелдер,- дейді. Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Төкеев.
Қалалық медицина қызметкерлерінің бастамасының өзектілігі АИТВ-жұқпасының дамуының статистикалық деректерін көрсетеді. Мегаполисте тіркелетін жағдайлардың төрттен бірі-алыс, жақын шетелдерден және Қазақстанның басқа қалаларынан келген. Туберкулез АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өлім-жітімінің жетекші себебі болып қала береді. АИТВ-инфекциясын емдеудің тиімділігін тежейтін кедергілердің бірі науқастардың АРВ-препараттарын тұрақты қабылдауға бейімділігі болып табылады.
Алматы қ. ЖИТС орталығының қызметкерлері қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың аутрич-қызметкерлерімен және волонтерлерімен бірлесе отырып, еңбек мигранттарын қоса алғанда, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ға жедел тестілеу өткізеді. Олар үшін кеңес береді, ақпараттық материалдар таратады, тренингтер ұйымдастырады, онда АИТВ- инфекциясының берілу жолдары және одан қорғану шаралары туралы хабарлайды. Достық кабинеттер мен сенім пункттері арқылы алдын алу құралдарын таратады.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы