Алматы қ. ЖИТС орталығында ашық есік күні.

Алматы қ. ЖИТС орталығында ашық есік күні.

7 наурыз күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін 8 наурыз Халықаралық күні қарсаңында Алматы қ.ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы әйелдер үшін Ашық есік күнін өткізді.
Бұл күні әрбір әйел біздің мамандарымыздан кеңес ала отырып, АИТВ инфекциясына тестілеуден өте алды. Дәрігерлер командасы: эпидемиолог, гинеколог, терапевт, стоматолог барлық сұрақтарға жауап берді. Жеке психологиялық сеанстарды осы күні психолог жүргізді. Ал дәрігер-педиатр тексеру және кеңес беру үшін жүкті әйелдерді және балалары бар аналарды қарады.
«АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу, әйелдер үшін» атты шағын-тренинг әр қатысушыға АИТВ және ЖЖБИ жұғу жолдары, сондай-ақ қорғау шаралары туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Ашық есік күніне 70 аса алматылық әйелдер қатысты.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы