Алматы қ. ЖИТС орталығында ашық есік күні

Алматы қ. ЖИТС орталығында ашық есік күні

7 наурыз күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін 8 наурыз Халықаралық күні қарсаңында Алматы қ.ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы әйелдер үшін Ашық есік күнін өткізеді.
Бұл күні әрбір әйел біздің мамандарымыздан кеңес ала отырып, АИТВ инфекциясына тестілеуден өте алады. Дәрігерлер командасы: эпидемиолог, гинеколог, терапевт, стоматолог АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерді күтеді, барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Жеке психологиялық сеанстарды осы күні психолог жүргізеді. Ал дәрігер-педиатр тексеру және кеңес беру үшін жүкті әйелдерді және балалары бар аналарды күтеді.
«АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу, әйелдер үшін» атты шағын-тренинг әр қатысушыға АИТВ және ЖЖБИ жұғу жолдары, сондай-ақ қорғау шаралары туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Құрметті арулар, Сіздерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, 7 наурыз күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Алматы қаласы, Бәсенов көшесі, 2, 4 корпус мекен-жайы бойынша ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы Ашық есік күніне күтеміз.
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы