Сіздің ерлігіңіз ұмытылмайды!

Сіздің ерлігіңіз ұмытылмайды!

9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесі жақындап келеді. Ол фашистік Германиядан зардап шеккен әлемнің көптеген елдерінде құрметке ие. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында асқан ерлік пен батырлық танытты. 1 млн 200 мың адам майданға жіберілді, олардың жартысы оралмады. Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Павлов, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин және басқа да соғыс батырларының есімдері мәңгі есте қалады.

Отанымызды қорғап осы күнге жеткізгендер азайып барады.

Ардагерлер-біз үшін үлгі, олар біздің мақтанышымыз! Бұл адамдардың естеліктері баға жетпес. Бүгінде олар бізден қолдау және көмек күтеді.

6 мамырда Алматы қ.ЖИТС орталығының, Нұр - Отан партиясының өкілдері майдангерлердің үйлерінде болды. Бұл адамдармен әңгімелесу әрқашан шабыттандырады. Ардагерлер соғыс туралы әңгімелеп ән айттып берді.

Дәрігерлер ардагерлерді құттықтап, оларға азық-түлік жиынтығын табыс етті.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы