Назар аударыңыз! Ертең, 13 мамырда жедел-тестілеу акциясын өткізеді
Ертең, 13 мамырда Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері Номад бизнес-орталығы мен "Аулетті" ЖШС-де жедел-тестілеу акциясын өткізеді.
Барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға экспресс-тест тапсырып, кеңес алып, 20 минут ішінде нәтижесін біле алады. Медицина қызметкерлері АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану әдістері туралы айтып береді.

