Үздік медбикелерге - марапаттар
Бүгін, Халықаралық медбикелер күні, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандарының үздік өкілдері лайықты марапаттарға ие болды.
Е. С. Тишкина - адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және науқастарға сезімталдығы үшін, Алматы қаласы әкімдігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, Бостандық ауданы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен - С. Б. Берсембаева және Т. А. Бородихина марапатталды.
О. Б. Петроваға, А. Д. Ордабаеваға және лаборант З. М. Аширбаеваға - Нұр Отан Партиясының Бостандық аудандық филиалы атынан алғыс хаттар табысталды.
Марапатталғандардың әрқайсысы керемет кәсіби дағдыларға ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен шыдамдылыққа ие.
Құрметті әріптестер, марапаттарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақыт тілейміз!