Тағы 35 алматылық АИТВ-статусын білді

Тағы 35 алматылық АИТВ-статусын білді

АИТВ-статусын білу-өзіне қамқорлық жасауды, өз денсаулығы мен жақын адамдарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауды білдіреді.

13 мамыр күні Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері Әулетті ЖШС-де АИТВ-ға экспресс-тестілеу бойынша акция өткізді.

Ниет білдірген ЖШС-нің 35 қызметкері, АИТВ-ға экспресс-тест тапсырды, кеңес алды және 20 минут ішінде нәтижені білді. Медицина қызметкерлері АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану әдістері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған акция, әлемде мамыр айының үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтіледі.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы