Дәрігерлер қызыл ленталарды табыстайды
Бұл күндері Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері саябақтар мен көшелердегі қала тұрғындарына қызыл ленталар табыс етіп, ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күні және оның нышандары туралы әңгімелейді.
Бұл ауруға қарсы қозғалыстың нышандары-киімге бекітілген қызыл лента, сондай – ақ өмірден өткен адамдарды еске алу үшін матаның қиықтарынан тігілген түрлі-түсті кенептер-квилттер . Бұл атрибуттарды 1991 жылы суретші Фрэнк Мур ойлап тапқан.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күнінде белсенділер мен жай қамқор адамдар киімдеріне қызыл ленталар жапсырады.
Алматы қаласы ЖИТС орталығының медициналық қызметкерлері қала тұрғындарына буклеттер ұсынып сұрақтарға жауап қайтарады және АИТВ-ның берілу жолдары инфекциядан қорғану шаралары туралы ақпарат береді .