Еске алу күні

Еске алу күні

Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Дүниежүзілік АИТВ-дан қайтыс болған адамдарды еске алу күні дәстүрлі түрде атап өтіледі.

ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері "Доверение Плюс" қоғамдық қорының белсенділерімен бірге, эпидемия өмірін қиған адамдарды еске алды. Олар ағаш түріндегі қондырғыға атаулары бар түрлі-түсті жапырақтарды орналастырды. Символдық түрдегі ағаш жақын адамдардың жүрегінде еске алу ретінде қайта жанданды.

Бұған дейін дәрігерлер мен белсенділер ЖИТС-пен күресудің белгісі – қызыл лента жад стеласының жанына гүл отырғызған.

Бұл күндері Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандары, қаланың түрлі мекемелерінде АИТВ-ға экспресс-тестілеу арқылы акциялар өткізеді, алматылықтарға қызыл ленталарды табыстап АИТВ-ның берілу жолдары және одан қорғану шаралары туралы хабардар етеді.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы