АИТВ індетін тоқтату үшін
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 33 миллионға жуық адамның өмірін қиған АИТВ денсаулық сақтаудың негізгі жаһандық проблемаларының бірі болып табылады.
Біздің елімізде АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелеріне әрдайым көп көңіл бөлінді.
"Саламатты Қазақстан", "Денсаулық" сияқты мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, онда АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері міндетті түрде қозғалады. Қазір Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
АИТВ-мен байланысты алдын алу, диагностикалау, емдеу және күтудің тиімді құралдарына қолжетімділікті кеңейтудің арқасында инфекция созылмалы аурулар санатына өтті, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ және толық өмір сүруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы туралы кодекстетегін негізде құпия медициналық тексерудің қолжетімділігі мен сапасына кепілдік беріледі. Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ДДҰ-ның қазіргі заманғы халықаралық ұсынымдары енгізілуде. Нормативтік және құқықтық актілер қазіргі заманғы ұсынымдар мен олардың тиімділігін бағалауды ескере отырып, үнемі жетілдіріліп отырады.
Эпидемиямен күресу және инфекцияның жаңа жағдайларының санын азайту үшін, инфекция жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарына көп көңіл бөлінеді. Халықтың негізгі топтары-ер адамдармен жыныстық қатынаста болатын ер адамдар (ЕЖЕ); инъекциялық есірткіні қолданатынад амдар (ИНҚА); секс - қызметкерлері (СҚ) және олардың клиенттері; түрмелерде және басқа да жабықүлгідегі мекемелерде жүрген адамдар; трансгендерлік тұлғалар.
Инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында парентеральді берілу жолының алдын алудың тиімді шараларының бірі "зиянды азайту"бағдарламасы болып табылады. Зиянды азайту-бұл АИТВ инфекциясы, туберкулез, вирустық гепатит сияқты есірткіні қолданудың жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған шаралар кешені.
Қазақстанда зиянды азайту бағдарламаларын іске асыру заңнамалық деңгейде бекітілген. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес АИТВ инфекциясының профилактикасы халықтың әртүрлі топтары үшін нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жолымен жүзеге асырылады.
АИТВ-инфекциясының алдын алуда "тең-теңімен"әдісін қолдану ерекше тиімділікті көрсетеді. "Тең" қатарындағы Аутрич-қызметкерлер тиімді және сенімді өзара қарым-қатынас орнатады, АИТВ және ЖИТС мәселелерін талқылау процесінде түсінікті терминологияны пайдаланады. Бұл ретте халықтың негізгі топтарымен тығыз байланысатындықтан үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Үкіметтік емес сектор қызметінің саласы, профилактикалық іс-шараларды, әлеуметтік сүйемелдеуді (құжаттарды қалпына келтіру, жұмыспен қамту орталығында тіркеу, емханаға тіркеу, медициналық сақтандыру), АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсетуді, емделуге бейімділігі деңгейін арттыру бойынша жұмысты қамтиды.
Маңызды бағдарламалық әрекеттердің бірі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу болып табылады. Оң нәтижелі жүкті әйелге АИТВ-ға профилактикалық ем жүргізуі дені сау баланың тууын қамтамасыз етеді. Әйелдер консультацияларында жүкті әйелдерге АИТВ-ға екі рет жоспарлы тестілеу жүргізіледі, бұл инфекцияның анадан балаға берілуін болдырмау үшін профилактикалық емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, соңғы жылдары жыныстық жолмен берілудің ұлғаю үрдісі байқалады. Жыныстық жолмен АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал ететін негізгі факторлар- инемен есірткі қолданатындар, сондай-ақ АИТВ мен өмір сүретін адамдардың жыныстық серіктестердің жиі өзгеруі және жыныстық қатынастардың бұзылу.
АИТВ-ны алдын алудың негізгі қағидалары қауіпсіз және жауапты мінез-құлық, салауатты өмір салты болып табылады. АИТВ-инфекциясының таралуын бәсеңдетуге бағытталған басты стратегия әлі де кеңінен насихаттау болып отыр. АИТВ-ның берілу жолдары тұрғындармен жастардың арасында алдын алу шаралары туралы ақпараттар тарату, дәрістер, ақпараттық акциялар өткізу, әлеуметтік желілерде роликтерді жариялау және т. б. арқылы жүргізіледі.
2030 жылға қарай ЖИТС індетін тоқтату - тұрақты даму мақсаттарының тізіміндегі міндеттердің бірі, ол 2016 жылы Бас Ассамблеяда бірауыздан қабылданды. Бұл үшін біз "2030 жылға қарай АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары нөл"деп қойылған міндетке қол жеткізу үшін барынша күш салатын боламыз.
Альмира Зәурбекова,
Алматы қ-сы ЖИТС Орталығының алдын алу бөлімінің меңгеруші м.а.

