АИТВ-ға тест тапсыр!
АИТВ - статусын білу оңай. Жедел тест тапсыру жеткілікті. Нәтиже 20 минут ішінде белгілі болады.
Алматы қаласындағы "Полиграф комбинат" ЖШС-нің 30 қызметкері осылай жасады. 19 мамырда оларға Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мобильді зертханасы келді.
Дәрігерлер АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтып, жеке кеңес берді және, әрине, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға экспресс-тест тапсыра алды.
Акция Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған.