Алматы қаласы ЖИТС Орталығының медицина қызметкерлерінен көмек
Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері, АИТВ-мен ауыратын жүкті әйелдерге көмек көрсетті.
Гигиена құралдары, майлықтар, сабын ... перзентханадағы әйелге көп нәрсе қажет. Өкінішке орай, АИТВ-мен өмір сүретін барлық жүкті әйелдердің қажетті заттарды сатып алуға қаражаты жоқ. Ал баланың дүниеге келуі - болашақ ана үшін ерекше және өте жауапты кезең. Сондықтан медиктер, жақын арада ана болатын 11 әйелге қажет нәрсенің бәрін сатып алды.
Бүгінде Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын әйелдердің 99,9 пайыз дені сау бала туады. Екінші, тіпті үшінші рет ана болғандар аз емес.