Мақсат - АРТ деген адалдықты арттыру

Мақсат - АРТ деген адалдықты арттыру

Ағзада АИТВ  антиретровирустық терапиясыз болған кезде,ол қарқынды түрде көбейеді және бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың вирусты жыныстық серіктесіне, сондай-ақ жүктілік,босану және емізу кезінде анадан балаға берілуіне әкеледі.Жүкті әйелге уақтылы профилактикалық емдеу жүргізу АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупін едәуір төмендетеді.

Антиретровирустық терапия (АРТ) АИТВ-ның көбеюін тоқтатады және оның өмірлік цикліне әсер етеді. Антиретровирустық препараттарды үнемі қабылдау арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қалыпты өмір салтын жүргізе алады, сонымен қатар вирустың жыныстық жолмен берілу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.  АРТ  курсы өмірлік, дәрі-дәрмектерді қабылдау жиілігі шығу формасына байланысты.

Ең заманауи препараттардың  іс жүзінде жанама әсерлері  жоқ, адамдар үшін қауіпсіз және күніне бір таблеткадан  қабылдайды. АРТ-ның әсері, АИТВ-оң адамның нөлдік вирустық жүктемеге жететіндігінде, соның салдарынан оның өмір сүру сапасы мен ұзақтығы, денсаулығы мен хал-жағдайы, АИТВ-теріс адамдардан еш айырмашылығы болмайды. АРТ-ның әсері , АИТВ-сы оң адамның нөлдік вирустық жүктемеге жететіндігінде, соның арқасында  оның өмір сүру сапасы мен ұзақтығы, денсаулығы мен хал-жағдайы,  АИТВ-теріс адамдардан еш айырмашылығы болмайды.

АРТ-ны ерте бастау  әртүрлі оппортунистік инфекциялардың пайда болуына жол бермейді.  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, алдын алу іс-шараларын жүргізу және бақылау ТМККК пакетіне кіреді (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі). Біздің мақсатымыз - АРТ қабылдауды ерте бастау, емдеуге деген адалдықты арттыру, барлық алдын алу шараларын уақтылы жүргізу, вирустық жүктемені азайту, СD4 жасушаларының санын арттыру.

А. Ахметова,
Алматы қаласы ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы