Қырғызстанға сапармен бару

Қырғызстанға сапармен бару

ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Раушан Саламатова АИТВ-ның контактіге дейінгі профилактикасын жүргізуде тәжірибе алмасу бойынша Қырғызстан сапарына қатысты.

Тәжірибе алмасу мақсатында Раушан Саламатова Бішкек қаласы мен Шу облысының медицина қызметкерлеріне арналған Алматы қ.ICAP кеңсесі ұйымдастырған және мамандар Е. Кудусова мен Г. Ахметова өткізген ЖДП  бойынша тренингке белсенді қатысты. Алматы қаласының ЖДП ұсынудағы тәжірибесі қырғызстандық әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Сондай-ақ, ICAP қолдауымен Алматы қаласының дәрігерлеріне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Бішкек қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі қалалық орталығына және Иссык-Аты

Жалпы дәрігерлік практика орталығына бару мүмкіндігі ұсынылды. Бұл сапар біздің елдеріміздің мамандарына халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету сапасын арттыру тұрғысынан өте пайдалы болды.

АИТВ-ның (ЖДП) жанасуға дейінгі профилактикасы 2021 жылғы сәуірде Алматы қаласында іске қосылды. "АИТВ індетін бақылау жөніндегі Алматы моделі" (AMEC) жобасының серіктестері осы бастаманы іске асыруға белсенді қатысады. Алматы қ.ICAP мамандары Алматы қ. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мен ҮЕҰ қызметкерлері үшін ЖДП бойынша оқыту жүргізді. AMEC "Community Friends" жобасының серіктесі 2021 жылдың сәуір айынан бастап ЖДП-ны алуға және кеңес алуға 24 адамды жіберді.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы