Марапаттар - ең жақсыларға!
Медицина қызметкері күні қарсаңында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерлері марапаттарға ие болды.
Аға медбике Петрова Ольга Борисовна ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің төс белгісі «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалін алды.
Алғыс хаттарына ұсынылғандар:
Алматы қаласы әкімшілігінен – А.Ахметова
Бостандық ауданы әкімшілігінен – К.Бекболатова
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан – А.Денебаева, А.Нуркеримова, Л. Нуридинова.
Медиктерге Нур Отан партиясы мен ЖИТС Орталығы кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақыттада жұмыста жетістікерге жетулеріңізді тілейміз, жеке бастарыңызға бақыт,зор денсаулық және сәттілік тілейміз!

