Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары

Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары

Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын талқылау бойынша бірден төрт онлайн-кеңес өтті.

Алматы қаласының тері-венерологиялық диспансері мен достық кабинеттері мамандарының қатысуымен бірінші жартыжылдықтағы бірлескен жұмыс қорытындылары талқыланды, болашаққа жоспарлар белгіленді.

Сенім пункттері қызметкерлерінің шақыруымен наркологиялық қызметпен психикалық денсаулық орталығының жұмыс қорытындысы шығарылды. Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар арасында АИТВ -ны алдын алу-басты назарда.

Қан орталықтарының қызметкерлерімен және трансфузиолог-дәрігерлерімен жұмыс кеңесінде, қан компоненттерінің гемотрансфузиясын жүргізу кезінде АИТВ-инфекциясының берілуін алдын алу бойынша маңызды мәселелер, ал ҚАЖД – мен кеңесте пенитенциарлық мекемелердегі профилактиканың өзектілігі талқыланды.

Барлық кеңестерде ЖИТС орталығының қызметкерлері қатысушыларды эпидемиологиялық жағдаймен және қалада АИТВ-инфекциясының таралу үрдістерімен таныстырды.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы