Астана күніне арналған онлайн-акция

Үшінші шілде күні Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері Астана күніне арналған онлайн-акция өткізді.

Үшінші шілде күні Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлері Астана күніне арналған онлайн-акция өткізді.

Дәрігер Н.Рамазанова мемлекеттік мереке туралы айтып берді. Ол 1994 жылдың 6 шілдесінде елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданғанын еске салды. Соңғы шешімді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады. 1998 жылғы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола Астана деп атала бастады. 2019 жылғы 23 наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана Нұр-сұлтан болып өзгертілді.

Дәрігерлер елорда туралы өлеңдер оқыды.

ПСК кабинетінің дәрігері Д.Халиков "Күн өз сәулесін шашады" өлеңін, ал зертханашы Г. Яхларова "Астана"өлеңін оқыды. Дәрігер - эпидемиолог Г.Бекбосыновтың орындауында "Атамекен" әнін қол шапалақпен қарсы алды.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы