Вакцинациялау, COVID-19 пандемиясын тоқтату үшін қажет екендігіне - медицина ғылымдарының докторы Жанна Трумова сенімді.
Алматы қаласы ЖИТС орталығы жанындағы егу пунктінде (Өтепов көшесі, 11-а) COVID-19-ға қарсы вакцинация жалғасуда.
Бүгін осында екпе жасауға келгендердің қатарында - Жанна Трумова, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, "АИТВ инфекциясын зерттеу қауымдастығы" Қоғамдық Бірлестігінің президенті, Қазақстандағы Extension for community Healthcare Outcomes - тұрғылықты жері бойынша емдеу нәтижелерін жақсарту үшін қашықтықтан оқыту жобасының клиникалық директоры.
- Мен, тек жұқпалы аурулар жөніндегі маман және ғалым ғана емес, ең алдымен қарапайым адаммын. Әзірге, өкінішке орай, мен COVID-19 бойынша жағдайды жақсарту тенденцияларын көрмеймін. Бұл мутацияға әкелетін жаңа инфекция. Оны басқару үшін бәрін жасау керек. Ол үшін вакциналар бар.
Сондықтан бәрімізге вакцинация алу қажет! - дейді Ж. Трумова.

