Болашақ дәрігерлерге АИТВ туралы

1 қарашада Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері А. Джуманова мен А. Дербісалиева жоғары Республикалық медицина колледжінің студенттеріне тренинг өткізді.


Іс-шарада болашақ мамандар мыналарды білді:
- АИТВ мен ЖИТС айырмашылығы неде,
- инфекцияның берілу жолдары,
- АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі түрлері мен әдістері,
- алдын алу деңгейлері.

Студенттер алған өте маңызды білім АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы болды. Дәрігер толерантты және жауапты болуы керек. Бұл туралы тренингке қатысушылар айтты.

Әрине, әрбір медицина қызметкері АИТВ-инфекциясына қатысты сауатты және білімді болуы тиіс. Бұған ЖИТС орталығының қызметкерлері әртүрлі мекемелерде өткізетін тренингтер мен семинарлар ықпал етеді.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы