Біздің медбикелер – ең жақсы!

Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының патронаждық мейіргерлері ICAP байқауында үздік атанды.

Қазақстандағы "Халықаралық бағдарламаларға арналған орталықтар" (ICAP) корпорациясының филиалы SUPPORT4HEALTH моделі бойынша патронаждық мейірбикелер конкурсын қорытындылады. Нәтижесінде Алматы қаласында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім жасау бойынша үздік патронаждық бикелер ЖИТС орталығының медбикелері болды:


1 орын – Тоғжан Неғметова,
2 орын-Виктория Шевцова,
3 орын – Әлия Ордабаева.
Олар құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әріптесте, Сіздерді құттықтаймыз!

Жұмыста табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы