АРТ-ны ерте бастау маңызды

Антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдауды ерте бастау қажеттілігі және АИТВ - мен (АӨСА) өмір сүретін адамдарды емдеуде ұстау - денсаулықты сақтаудың құрамдас бөліктерінің бірі.

ЭБұл тақырып 10 қарашада Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен серіктестікте ICAP ұйымдастырған тренингте белсенді талқыланды. Талқылаудың басты бағыты - АӨСА-ды АРТ-ға тарту және ұстап тұру бойынша кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша тиімді іс-шараларды әзірлеу. Қатысушылар қатарында - Алматы қаласы ЖИТС орталығының, Алматы облыстық ЖИТС орталығының медиктері, ҮЕҰ қызметкерлері бар.

Қатысушылар ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу бойынша ақпаратпен, АӨСА емдеуді ерте бастау бойынша жұмыстың жалпы алгоритмімен танысты, негізгі кедергілерді анықтады.

Іс-шараның финалында қатысушылар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін дәрігерлер мен қоғамшылдар өзара іс-қимылын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы