Алматыда АИТВ-мен ауыратын адамдарда туберкулезді диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілуде.

Алматыда АИТВ-мен ауыратын адамдарда туберкулезді диагностикалаудың жаңа әдісі енгізілуде.

Қазақстанда, Алматы қаласында алғаш рет пилоттық режимде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулезді (ТБ) ерте диагностикалаудың жаңа әдісін енгізу басталды.

— «Туберкулезді ерте диагностикалау және уақтылы емдеу АӨСА-дың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Өйткені, АИТВ-инфекциясы — ТБ дамуы үшін ең күшті қауіп факторы және АИТВ - оң адамдардың өлімінің басты себебі» — деп ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталықтың бас дәрігері Марат Төкеев атап өтті.

Липоарабиноманнан (ЛАМ) зәр анализіне арналған сынақ жолақтары ТБ-ны АӨСА арасында және АИТВ дамуының кеш сатысында диагноз қоюға мүмкіндік береді. Оларды қолдану оңай және ақысыз. Диагностиканың жаңа әдісінің тағы бір дәлелі - АИТВ-мен ауыратын науқастарда қақырықта бактериялық жүктеме аз болады, бұл микроскопияның теріс нәтижелерінің жиілігінің жоғарылауына әкеледі. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері арнайы оқудан өтті. Сондай-ақ ТБ ЛАМ тестілерін қолдану бойынша алгоритмдер мен нұсқаулықтар келісіліп, бекітілді.

2021 жылдың бірінші қарашасына Алматы қаласының ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретін 3 810 адам есепте тұр.

Тек 2021 жылдың 10 айында АИТВ өмір сүретін 40 адамға туберкулез диагнозы қойылған.

Алматы қ. ЖИТС орталығының баспасөз қызметі

Байланыс: М. Максимова, +77772254601

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы