Флюорография для ЛЖВ

Флюорография для ЛЖВ

29 қарашада АИТВ-мен өмір сүретін 30 адам Алматы қаласы ЖИТС орталығында флюорографиядан өтті.

Жылжымалы флюорографты Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығы ұсынды және АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдар флюорографияны тегін жасай алды. Кеуде қуысы органдарын флюорографиялық тексеру туберкулезді ерте диагностикалау үшін жүргізіледі.

Әсіресе, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін маңызды. Дәл осы туберкулез АӨСА өлімінің басты себебі болып табылады.

АИТВ және туберкулез өзара дамуға ықпал етеді және бір-бірін күшейтеді. Сондықтан Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері АӨСА арасында туберкулездің алдын алуға үлкен көңіл бөледі.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы