Екінші ақпанда онлайн режимінде Алматы қ.ЖИТС орталығының және ҚАЖД қызметкерлері 2021 жылғы бірлескен жұмыс қорытындыларын талқылады.
Қатысушыларды 2021 жылғы бірлескен жұмыс нәтижелерімен эпидемиологиялық бөлім меңгерушісінің м.а. А. Ахмежанова таныстырды.
Ол бас бостандығынан айыру орындарында (ББАО) АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын анықтаудың төмендеу үрдісін атап өтті. Егер 2020 жылы тіркелгендер – 44 болса, 2021 жылы – 38. Білім беру жұмысының тиімділігі артты. АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өткен жылға қарағанда екі есе көп өткізілді. Егер 2020 жылы білім беру қызметімен 246 адам қамтылса, бір жылдан кейін – 337 адам. Мәселелер арасында кеңеске қатысушылар қан алу алгоритмінің орындалуына және ЖИТС орталығына жеткізу сонымен қатар дұрыс сақтау, сондай-ақ АИТВ-ға тексеруді бақылауға алуға тоқталды. Жиналғандарға туберкулездің химиялық алдын алуы бойынша ұсыныстарды инфекционист дәрігер А.Алимбекова ұсынды.
Қатысушылардың алдында барлық адамдарға тестілік психоәлеуметтік консультация бере отырып, АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тексерумен қамтамасыз ету бойынша міндет тұр: түсу кезінде, алты айдан кейін, босатылар алдында, сотталғанның қалауы бойынша.