Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген біліктілік санаттары үшін қосымша ақылар қайтарылады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салалық кәсіподақ ұйымының басшыларымен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, бұрын берілген біліктілік санаттарының (жоғары, бірінші, екінші) қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есепдеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісім бойынша қосымша келісімге қол қойды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, бейінді емес (медициналық емес) білімі бар Денсаулық сақтау қызметкерлерін (химиялық, биологиялық, педагогикалық, инженерлік және т.б.) ынталандыру мақсатында олардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемелерін қолданып, денсаулық сақтау субъектілерінде жалақы төлеуді қамтамасыз ету көзделеді.
Сонымен қатар, келісімде көрсетілгендей, Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысын көтеру қамтамасыз етіледі, бұл санитарлар, жүргізушілер, психологтар, сондай - ақ басқа да мамандар, олардың белгіленген жалақы мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолданып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде. ҚР ДСМ, "AQNIET" қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҰДП арасындағы Салалық келісім саладағы әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болуда.